• kz
  • ru
  • uk
Опыт внедрения тяжелых решений

Біз өндірісті автоматтандыруға арналған көптеген шешімдерді

Уникальность Оборудования

Біз өндірістік процестерді бақылау мен өлшеудің жоғары технологиял

Широкий спектр Оборудования

Бақылау-өлшеу аспаптары, ілмекті-реттеуші арматура, электр

Previous Next Play Pause
1 2 3

Компания жайлы 

«Nexen OilGas Engineering» компаниясы Қазақстан индустриясының басты салаларының өндірістік процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ӨПБАЖ) әзірлеп, өндіріске енгізу қызметтерін жүзеге асыратын инжинирингтік компания болып табылады. Клиенттердің талаптарын максималды қанағаттандыру тәсілін жүзеге асырып, біздің компания тапсырыс берушінің өндірісінде жобаға қатысты шешімдерді әзірлеу мен іске асыруды ғана емес, көптеген жылдар бойы Қазақстанның мұнай-газ бен энергетика секторының, химия және металлургия кәсіпорындарының жабдықтарының жеткізілімін іске асырады. 

«Nexen OilGas Engineering» компаниясы төмендегі тізімдегі  компаниялардың ресми өкілі жіне дистрибьюторы болып табылады: 

«Yokogawa» концерны (Жапония), «Samson» фирмасы (Германия), «Энерголаб инжиниринг» ЖАҚ  (Ресей), «Техномаш» ЖШҚ және т.б.  

Келесі тауарлардың жеткізілімін қамтамасыз ететін мүмкіндігіміз бар:   

  • Мұнай-газ жабдықтары,
  • Бақылап-өлшеу құралдары,
  • Жетекші өндірушілердің микропроцессорлық техникасы,
  • Өшіру және басқару құралдары (арматуралары),
  • Электртехникалық жабдық,
  • Сорап-компрессор жабдықтары,
  • Бу және газ турбиналары мен олардың қосымша бөлшектері,
  • Көп фазалы өтімөлшегіш,
  • Компрессорлық станциялар,
  • Зертхана жабдықтары,
  • Жеке қорғаныс құралдары,
  • Жылыту мен жылу оқшаулағыш жүйелерінің жеткізілімі,
  • Мұнай құятын эстакадаларды автоматтандыратын жабдықтар.

Инженерлік шешімдер:

  • Технологиялық процесстерді автоматтандыру жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру,
  • Мұнай мен газды коммерциялық және оперативті есептеу жүйелері (Мұнай мөлшері мен сапасын өлшеу жүйесі - ММСӨЖ),
  • Резервуар парктеріндегі автоматтандыру мен коммерциялық есеп,
  • Операторлық панельдер мен басқару шкафтарын жинақтау, құрастыру және кешенді жөндеу жұмыстары,
  • Құбыр желісін мониторингілеу мен кетіктерін анықтау жүйелерін енгізу,
  • Автоматтандырылған өртке қарсы дабыл қаққыш жүйелерін әзірлеу,
  • Энергия үнемдейтін технологияны енгізу,
  • Газды анықтау жүйелерін әзірлеу.

Құру, монтаждау, іске қосу мен ретке келтіру жұмыстары: 

 

  • 220 кВ. дейінгі энергетикалық жабдықтарды монтаждау,
  • Жоғарғы вольтті жабдықтарды сертификатталған электр зертханасында жөндеу мен сынау,
  • Жиілік түрлендіргіш пен жұмсақ стартерді монтаждау мен ретке келтіру,
  • Далада орнатылған технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін, автоматтандырылған өртке қарсы дабылын, газ жабдықтарын  монтаждау,
  • Кабельді трассаларды монтаждау және байланыс кабельдерін жүргізу,
  • Жылыту мен жылу оқшаулағыш жүйелерін монтаждау,
  • Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін, автоматтандырылған өртке қарсы дабылын, газ жабдықтары жүйелерін іске қосу мен жөндеу жұмыстары,
  • Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің шкафтарын әзірлеу және құру,
  • Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің төменгі, ортаңғы және жоғарғы деңгейлерінің қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын әр түрлі өндірушілердің микропроцессорлық технологиясына негіздеп әзірлеу, орнату, және реттеу,
  • Объектілерді толық аяқталған күйінде пайдалануға тапсыру,
  • Жүйелерге сервистік және кепілдендіруден кейінгі қызмет көрсету. 

Тіркелу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.

Кәсіптің негізгі орны: Қазақстан Республикасы.

Біз ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасына және уақытылы жеткізілуіне кепілдік бере отырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделіміз.